Полицейлер Петропавл тұрғындарына жеке аулаларды су басудың алдын алуға көмектесті
Петропавл қаласы полиция басқармасының қызметкерлері құқықтық тәртіпті қорғаумен және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен қатар су тасқынына қарсы іс-шараларға байланысты жұмыстарға белсенді қатысады.
Учаскелік полиция инспекторлары, әкімшілік және патрульдік полицейлері, кезекші бөлімдер мен арнайы мекемелердің, тыл бөлімшелерінің, ювеналды полицияның қызметкерлері. Жексенбі күні таңертең қалалық полицияның барлық қызметтерінен жасақталған қызметкерлер тобы Петропавл қаласының жұмысшы кентіне келді. Қаланың осы ауданында алдын ала орнатылған жедел штабтың құрамына Төтенше жағдай департаменті және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерінің үйлестірумен полицейлер бірден бірнеше жерді тазартуға жіберілді. Шаруашылық құрал-саймандармен қаруланған полиция қызметкерлері түске дейін Красин көшесі мен Михеевтің 3-ші өтпе жолындағы арықтарды ішінара мұздан тазартты. Сонымен қатар, Петропавл қаласы полиция басқармасы бастығы полиция полковнигі Марат Жұмалиев бастаған полицейлер болашақта жедел көмек көрсету үшін аудандағы жағдай мен жалпы ахуалды сол жерде зерделеді.
Су тасқыны бойынша жағдай мониторингі барлық мүдделі қызметтердің, соның ішінде полиция қызметкерлерінің тұрақты бақылауында. Мамандар су басу қаупі төнген жағдайда облыс орталығының тұрғындарына тазарту қызметтеріне 8 (7152) 39-64-16 немесе ikomek коммуналдық кәсіпорындардың бірыңғай call-орталығының 109 нөміріне қоңырау шалу қажет екендігін еске салады.
Юрий Клыков
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]