ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ САПАСЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
«Шығыс - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Маржан Бахыт және Өскемен қалалық мәслихатының хатшысы Александр Светаш Өскемен қаласы Шығыс ауылындағы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған бірқабатты тұрғын үйлердің сапасына қоғамдық бақылау жүргізді.
Бірыңғай сәулет стиліндегі жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін жалпы ауданы «80», «100», «130» шаршы метр болатын тұрғын үйдің 3 түріне 54 жер учаскесі бөлінген. Бір қабатты тұрғын үйлердің барлығы заманауи құрылыс материалдарымен салынған.
Соңғы деректерге сәйкес 80 шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлер «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ арқылы өзінің төлеуге қабілеттілігін растаған 4 қатысушыға берілді.
Сонымен қатар, тексеріс барысында бірқатар кемшіліктердің бар екендігі анықталып жауапты сала басшыларына ұсыныс жасалды.
«Шығыс - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі өз кезегінде тұрғын үйлердің сапасын үнемі қоғамдық бақылауда ұстайтын болады.
[xfvalue_img]