Нұр-Сұлтан қаласындағы тұрғын үй құрылысы
2022 жылғы қаңтар-мамырда тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестициялар көлемі 219659,6 млн. теңгені құрады, бұл 2021 жылғы қаңтар-мамырдан 8,9%-ға жоғары. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлеміндегі тұрғын үй құрылысында игерілген қаражаттар үлесі 64,6%-ды құрады.
Барлық қаржыландыру көздерінің есебінен 9635 пәтерлік тұрғын үйлер пайдалануға берілді, пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 897869 шаршы метрді құрады, бұл өткен жылғы тиісті кезеңге 4,8%-ге жоғары. Жеке салушылармен жалпы ауданы 43232 шаршы метр тұрғын үйлер салынған, бұл 2021 жылғы қаңтар-мамырға қатысты алғанда – 139,6%. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемінде жеке тұрғын үй құрылысының үлесі 2021 жылғы қаңтар-мамырда 3,6%-ға қарағанда 4,8%-ды құрады.
Елордада 2022 жылғы қаңтар-мамырда тұрғын үйлердің жалпы ауданының 1 шаршы метрін салудың орташа нақты шығыны 173,5 мың теңгені, оның ішінде жеке салушылармен тұрғызылғаны 158,8 мың теңгені құрады.
Әдіснамалық түсініктемелер
Тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялар - жеке және көп пәтерлі тұрғын үйлер, жатақханалар, әлеуметтік топтарға арналған тұрғын үй құрылысын салуға жұмсалған шығындар.
Тұрғын ғимараттарды пайдалануға беру - құрылысы аяқталған жеке және көп пәтерлі тұрғын үйлерді, жатақханаларды, әлеуметтік топтарға арналған тұрғын үйлерді (жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттар, балалар үйлері, қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлері, тұрақты мекен-жайы жоқ адамдарды бейімдеу орталықтары) белгіленген тәртіпте пайдалануға беру жатады.
Тұрғын үйлердің жалпы алаңының 1 шаршы метр құрылысының орташа нақты шығындары құрылыстың басталу күніне және жайлылық пен қабат деңгейіне қарамастан есепті жылы құрылысы біткен барлық тұрғын үйлердің жалпы алаңының 1 шаршы метріне құрылыс салушылар жұмсаған шығындардың нақты жиынтығы ретінде анықталады.
Ұлттық статистика бюросының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті
[xfvalue_img]