ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШ РЕТ: ЭЛЕКТРОНДЫҚ АУКЦИОНДАРДАН РЕКОРДТЫҚ 2,5 МЛРД ТЕҢГЕ

ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШ РЕТ: ЭЛЕКТРОНДЫҚ АУКЦИОНДАРДАН РЕКОРДТЫҚ 2,5 МЛРД ТЕҢГЕ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ел аумағын геологиялық-геофизикалық зерделеуді кеңейтумен белсенді айналысады. Мақсат - 2026 жылға қарай зерттеу аймағын ағымдағы 1,5 миллионнан 2,2 миллион шаршы шақырымға дейін арттыру.

Бұл қадам елдің перспективалы учаскелерінің геологиялық құрылымын терең түсіну және тау-кен саласына жаңа инвестициялар ағынын ынталандыруға бағытталған.

Министрлік жер қойнауын зерттеудің тиімділігін арттыруға, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану процестерін автоматтандыруға күш-жігерін жұмылдырды. Бұл іс-шаралар жергілікті және халықаралық тау-кен компанияларының назарын аударуына мүмкіндік берді. «Minerals.gov.kz» платформасында өтініш берудің автоматтандырылған жүйесін енгізу бұл бағыттағы маңызды қадам болды.

2023 жылғы 2 қазаннан 1 қарашаға дейін Министрлік «minerals.gov.kz» платформасы арқылы 300 000 блокты қамтитын жаңа аумақтарда қатты пайдалы қазбаларды барлауға өтінімдер қабылдады.

2023 жылғы 20 желтоқсанда e-qazyna.kz платформасында 45 жер қойнауы учаскесінде қатты пайдалы қазбаларды барлау құқығына электрондық аукцион өтті. Аукцион Riotinto, Fortescue, Kratos Resources, Cove Capital, Eczacibasi Holding, Kazakhmys Corporation, ERG Exploration, «Қазгеология» ҰГК, ALINA HOLDING және т.б. осы сияқты ірі компаниялардың назарын аударды. Аукционның жазылу бонусы шамамен 2,5 млрд теңгені құрады.

Министрліктің бастамалары Қазақстанның тау-кен өнеркәсібі үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл шаралар экономикалық өсуге және осы саладағы әлемдік нарықтағы елдің позициясын нығайтуға ықпал етеді. 

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс

министрлігінің баспасөз қызметі

 

 


 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.