Көлік министрлігі Өскемен мен Шымкент арасында әуе рейстерін ашу мүмкіндігін қарастырады

Көлік министрлігі Өскемен мен Шымкент арасында әуе рейстерін ашу мүмкіндігін қарастырады

Көлік министрі азаматтарды жеке қабылдап, Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесу өткізді

Өңір тұрғындары Риддер мен ресейлік Томск арасындағы теміржол қатынасын қалпына келтіру, «Өскемен-1–Алматы» бағытындағы жолаушылар вагондарының сервисі мен жай-күйін жақсарту, «Өскемен – Алтай» теміржол учаскесін жөндеу және теміржол вокзалдарының қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолжетімділігіне қатысты сұрақтар қойды.

Шығысқазақстандықтар автомобиль көлігі бойынша «Өскемен-Шемонаиха–РФ шекарасы», «Өскемен-Риддер», «Қалбатау-Майқапшағай», «Өскемен-Алтай-Рахманов кілттері» және «Семей-Өскемен» автотрассаларындағы жол төсемінің жай-күйі, Бұқтырма су қоймасы арқылы көпір салу, қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз ету және қалааралық және облысаралық автобус тасымалдарын жақсарту мәселелерін көтерді.

Сонымен қатар министрмен әңгімелесу барысында жергілікті тұрғындар әуе қатынасын дамыту төңірегінде көп сұрақ қойды. Жергілікті тұрғындар көлікпен жүргеннен гөрі, ұшақпен ұшқанды жөн көреді екен. Мәселен, көлік министрлігінің басшысынан барлық аудан орталықтары мен Өскемен қаласы, оның ішінде Үржар ауылы мен Катонқарағай ауданы арасында әуе қатынасын жолға қоюды және Зайсаннан Астана мен Алматыға қосымша әуе рейстерін ашуды сұрады.

Сондай-ақ пандемияға дейін өскемендіктер Ресей қалаларына жиі ұшатын, сондықтан көрші мемлекеттің жекелеген аймақтарына қатынайтын тікелей рейстерді қалпына келтіру туралы да сұрақтар болды.

Сонымен бірге өңірде Шымкент, Түркістан және Ақтау қалаларына тікелей ұшуға сұраныс жоғары. Бұрын-соңды кейбір авиакомпаниялар қалалар арасында тасымалдауды жүзеге асырған.

«Қазір ішкі авиакомпаниялардағы жолаушылар ағыны артып келеді. Мәселен, егер өткен жылы 11 млн жолаушы тасымалданса, биыл 13,5 млн-ға жетіп отыр. Яғни, өсім 20%-дан асады. Пандемияға дейін бізде ешқашан 8 миллионнан астам жолаушы болған емес. Ел азаматтары әуе көлігін көбірек пайдалана бастаған. Демек, сұраныс артып келеді. Қазір әуе компаниялары ұшақтар паркін кеңейтіп жатыр. Биыл 14 жаңа әуе көлігі сатып алынды. Отандық авиациядағы бизнес-модель халықаралық қағидаларға негізделген, сондықтан авиакомпаниялар билеттердің құнын дербес белгілейді және ұшақтарды өз бетінше сатып алады. Борттарды сатып алу үрдісін жалғастыру үшін олар өз қызметін ең тиімді маршруттарда көбірек табыс табатындай етіп оңтайландырады. Сондықтан кейбір бағыттар жабылады. Алайда, біз «Өскемен-Шымкент» бағытындағы рейсті қайта ашуға тырысамыз. Аталған мәселені қарастырайық», – деп жауап берді министр.

Көлік ведомствосының басшысы басқа да сұрақтарға толық жауап беріп, бірнеше мәселені өзінің жеке бақылауына алды.

Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысына сапары барысында М.Қарабаев Өскемен қаласының теміржол вокзалы, автовокзал, әуежай және кеме қатынасы шлюзінің жұмысын бағамдап қайтты.

ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.