Өскемен қаласының аумағында «Мас жүргізуші» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде
Жол-көлік оқиғаларына жол бермеу мақсатында 22-24 қыркүйек аралығында Өскемен қаласының аумағында «Мас жүргізуші!» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
Ағымдағы жылдың 22 қыркүйегінде сағат 00:20 шамасында Өскемен қ.ПБ патрульдік полиция қызметкерлері Бажов көшесінде ВАЗ маркалы автокөлікті тоқтатты. Тексеру барысында жүргізушінің көлік құралын мас күйінде басқарғаны, сонымен қатар жүргізуші көлік құралын басқаруға құқығы жоқ адам екені анықталды.
Құқық бұзушыға жүргізілген сараптама нәтижелері бойынша 50 жастағы азаматтың мас күйінде болғаны расталды.
"Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 6-тармағы негізінде әкімшілік хаттама толтырылды. Әкімшілік материал Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді",-деп түсіндірді Өскемен қаласы полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Орал Рыспаев.
Полиция қызметкерлері автокөлік жүргізушілерін мас күйінде көлік жүргізбеуге және жол ережесін сақтауға шақырады.
Мас жүргізуші жол қозғалысының барлық қатысушыларына: жаяу жүргіншілерге, жолаушыларға және басқа жүргізушілерге үлкен қауіп төндіреді.
Құрметті жүргізушілер, жол қозғалысы ережелерін елемеу және көлік құралын мас күйінде басқару қайтымсыз салдарға әкелетінін ұмытпаңыз!
Өскемен қаласы полиция басқармасының баспасөз қызметі
[xfvalue_img]