ІІМ Ардагерлер кеңесінің төрағасы елордалық полицейлермен кездесті
Елордалық полиция департаментінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық ұлан Ардагерлер кеңесінің төрағасы полиция генерал-майоры Болсамбеков Өмірзақ Қоспанұлы болды. Кездесуге департаменттің жеке құрамы мен ардагерлері шақырылды.
Кездесу тәртіп сақшыларымен ардагерлер ұйымдарының өзара әрекеттесу, зейнеткерлікке шыққан ардагерлер мен олардың отбасы мүшелерін қолдау, сондай-ақ полиция қызметкерлерінің кәсіби-адамгершілік тәрбиесін арттыру мақсатында өткізілді. Сондай-ақ жас қызметкерлер арасында патриоттық тәрбие беру мәселелері талқыланды.
Қазіргі таңда ішкі істер органдарының ардагерлері қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, түрлі іс-шараларға қатысып, жинақталған тәжірибесі мен білімін бөлісе отырып, жас мамандарды үйретіп, жастармен патриоттық жұмыстарға үлкен көңіл бөлуде.
Жиын соңында елордалық полиция басшылығы ардагерлер кеңесінің департаменттің қоғамдық өміріндегі ерен еңбегі үшін алғыс білдірді.
Астана қаласы ПД Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]