Шығыс Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің стратегиялық порттарының серіктестік желісін құру тұжырымдамасының жобасына қатысты ақпарат
20 қарашада Астана қаласында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің төрағалығымен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің ірі стратегиялық порттары мен логистикалық орталықтарының әріптестік желісін құру және оның жұмыс істеуі тұжырымдамасының жобасын ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің көлік ведомстволарының өкілдерімен келісу басталды.
Бейнеконференция форматында өткен кездесу барысында тараптар жобаны тұжырымдамалық талқылаудан өткізіп, құжатты одан әрі келісуге дайын екендіктерін мәлімдеді. Шығыс Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер өкілдерінің келесі кездесуі 14 желтоқсанға жоспарланып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, құжат жобасы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Шығыс Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 2023 жылғы 4 шілдедегі отырысының қорытындысы бойынша әзірленген болатын.
Құжат аталған ұйымның бүкіл өңірінің көлік-логистикалық әлеуетін одан әрі арттыру, олардың көлік әлеуетін жоғарылату есебінен мемлекеттер экономикаларының тиімді дамуын қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын көрсетеді.
ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі
[xfvalue_img]