СҚО-да жемқорлық тәуекелдері картасына енген 4 әлеуметтік нысан бақылауға алынды
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов Солтүстік Қазақстан облысының бизнес субъектілері және жұртшылығымен кездесті.
Кездесу барысында Саян Ахметжанов сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын іске асыру аясында еліміздің өңірлеріндегі 156 әлеуметтік нысан бақылауға алынғандығын атап өтті.
Солардың ішінде Солтүстік Қазақстан облысындағы 4 әлеуметтік нысан, атап айтқанда Айыртау ауданының Саумалкөл а. жабық хоккей корты, Тимирязев ауданының Ақсуат және Степное а. екі мәдени-сауықтыру орталығы, Шал ақын ауданындағы көппәтерлі тұрғын үй және Петропавл қ. жапырақты көкөністер өсірудің вертикалды жүйесі. Ұрлыққа жол бермеу мақсатында құрылыс барысына мониторинг жүргізіліп, оған жұртшылықтың атсалысатындығы атап өтілді.
Сондай-ақ іс-шарада облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, аппарат мемлекеттік қызметтер көрсету және бір көзден мемлекеттік сатып алу санын азайту бойынша «осал» бағыттарда жемқорлық тәуекелдерін төмендету бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде екенін айтты.
Кездесу аясында «Әділдік жолы» РҚБ филиалының жетекшісі сәйкестік сертификаты жоқ жеткізушілермен балалар алаңдарын салуға шарт жасасу мәселесін көтерді.
Өңір басшысы аудан әкімдеріне балалар алаңдарын сатып алу және монтаждау барысы нашар бақыланатынын айтты, бұл нормалар мен талаптардың бұзылуымен қатар, сапасыз орнатуға әкелді. Олқылықтардың орнын толтыру мақсатында ойын алаңдарын қолданыстағы кепілдіктер шеңберінде қысқа мерзімде ретке келтіру жөнінде тапсырма берілді.
[xfvalue_img]