"АНТИКОРДЫҢ БІРІНШІ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ САЯН АХМЕТЖАНОВ ҚОСТАНАЙЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ"

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Бірінші қызметінің басшысы Саян Ахметжанов Қостанай облысына жұмыс сапарымен келді.

"Бизнеске жол" жобасын іске асыру аясында ол өндірістік кәсіпорындарды аралады, "Баян Сұлу" кондитерлік фабрикасының өндірісімен танысып, Индустриялық аймақтарға барды, оның ішінде «KamLit.KZ» ЖШС және  «МТЗ-Қазақстан» машина жасау зауытының құрылыс нысандарымен танысты. Сапар барысында Саян Ахметжанов жергілікті кәсіпкерлерге "Бизнеске жол" жобасының жұмысы туралы ақпарат беріп, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау Агенттік алдында тұрған басты міндеттердің бірі болып табылатынын атап өтті және де бизнес субъектілеріне мемлекеттік органдар тарапынан жасалатын әкімшілік кедергілерге байланысты барлық толғандыратын мәселелер бойынша жүгінуге шақырды.

Нысандарды аралау қорытындысы бойынша Саян Ахметжанов өңірлік Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп облыстың бизнес субъектілерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында ол кәсіпкерлердің нақты мәселелерін шешуге баса назар аударып, бизнестің дамуына заңнамадағы олқылықтар әрдайым кедергі бола бермейтінін атап өтті, айтуынша – «Көбінесе шенеуніктер белгілі бір шешімдер қабылдауды, әртүрлі лицензиялар мен рұқсаттар беруді кешіктіреді, және осы бағыттағы жұмыс бизнес жиі кездесетін жүйелі проблемаларды жою, сондай-ақ салаларды талдау, мониторинг және талдау арқылы ұйымдастырылады», - деп қорытындылады ол.

Кездесу барысында Саян Ахметжановқа бірқатар кәсіпкерлер жүгінді. Сұрақтар ауыл шаруашылық жерлерге салық салу, шет мемлекеттерден өтуге рұқсат ететін бланкілерді алу, салынған нысандарды пайдалануға беру, сондай-ақ мектепке дейінгі балалар мекемелерінің мәселелеріне қатысты болды.

Саян Ахметжанов өз кезегінде айтылған әрбір мәселе егжей-тегжейлі зерделеніп, оны шешу үшін түрлі салалардың сарапшылары мен уәкілетті мемлекеттік органдар тартылатынын айтты. Сонымен қатар, ол Қостанайда "Бизнеске жол" жобасын іске асыру басталғаннан бері түрлі мәселелер бойынша 107 азамат пен қауымдастық қабылданғанын, олардың шеңберінде 156 ШОБ субъектісінің құқықтары қорғалғанын және көмек көрсетілгенін айтып кетті.

Қорытындысында Агенттік өкілі аталған шаралар бизнестің сыбайлас жемқорлыққа, мемлекеттік және құқық қорғау органдары тарапынан заңсыз әрекеттерге қарсы иммунитетін арттыруға ықпал етеді деп сендірді. 

ҚР СЖҚІА Қостанай облысы бойынша Департаменті

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.