Қостанай өңірі сапасы жоғары өнімдер өндірісін дамытып жатыр

Қостанай өңірі сапасы жоғары өнімдер өндірісін дамытып жатыр

Қостанай облысына жұмыс сапары кезінде Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин жұмыс істеп тұрған және салынып жатқан бірқатар ауыл шаруашылығы кәсіпорны, сауда желісі, фабрика мен көкөніс қоймасын аралады.

Қостанай облысы – елімізде мол өнім шығаратын өңір. Республикалық деңгейде облыс ұн өндірісі бойынша бірінші, сүт және қоюландырылған кілегей, йогурт өндірісі бойынша екінші, макарон өнімдері мен жармалар өндіруде үшінші орында тұр. Азық-түлік өндірісінің экспорты бойынша 17,4% үлеспен екінші орында болса, өсімдік (5,4 млн тонна астық) және мал шаруашылығы салаларындағы өндіріс көлемі бойынша 2022 жылы өңір бірінші орынды иеленді. Биыл құрғақшылық пен ұзаққа созылған жауын-шашын салдарынан Қостанай облысы ауа райынан ең көп зардап шеккен аймақтар қатарында болды. Дегенмен өңірдің ірі шаруашылықтары жұмыстарын ақсатқан жоқ. Керісінше өндірістерін кеңейтуде.

Байшуақ ауылындағы «GREEN TERRA» ЖШС нағыз аграрлық кластерді құру жобасын іске асыруды жоспарлап отыр. Кәсіпорын 2003 жылы құрылған. Күнбағыс, бидай, картоп өсіреді. Бордақылау алаңы да бар. Вице-премьерге сақтау сыйымдылығы 6 мың тонна болатын көкөніс сақтау қоймасы көрсетілді. Мұнда картопты тазартатын және калибрлеуге арналған жабдықтар орнатылған. Кәсіпорын егістікке арналған суармалы жерлерді кеңейту, сондай-ақ тауарлы сүт фермасын және ет комбинатын салуды көздеп отыр.

«Біз 2 257 га алқапқа суару жүйесін орнатуды, 12 мың тонна көкөніс қоймасын және 1 200 басқа арналған тауарлы сүт фермасын салуды жоспарлап отырмыз. Жоба 2020 жылдан бастап жүзеге асырылуда, бүгінгі таңда оған 2 млрд теңгеге жуық қаржы салынды. 2026 жылға дейін тағы 10 млрд теңге инвестиция салуды жоспарлап отырмыз. 2020 жылы 225 га-ға, 2022 жылы 631 га жерге суару жүйесі іске қосылып, 6 мың тонна көкөніс сыятын сақтау қоймасы салынды. 2026 жылға дейін екі кезеңде 1200 басқа арналған тауарлы сүт фермасын салуды жоспарлап отырмыз. Біз жобаны инвестициялық салымдарды өтеу нормасын 25-тен 40%-ға дейін ұлғайту тұрғысынан қолдауды сұраймыз. Сондай-ақ көкөніс сақтау қоймасына дейін жол және суару жобасына электр жүргізуге көмектесуді сұраймыз», — деді кәсіпорын директоры Ердос Тапаев. 

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабек көкөніс сақтау қоймаларын салу бойынша бизнесті ынталандыру үшін министрлік қолданыстағы сақтау технологиясына байланысты шығындарды өтеу нормативін 25%-дан 40-50%-ға дейін ұлғайту бойынша Инвестициялық субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізу жұмыстары жүріп жатқанын мәлімдеді. Қажетті коммуникациялық мәселелер әкімдікпен бірлесіп шешілетін болады.

Сүт өнімдерінің кең желісін «Жаңа күн» брендімен «МИЛХ» ЖШС шығарады. Онда 150-ге жуық өнім түрі бар, қатарында  қатты ірімшік пен балмұздақ сияқты өндіру сапасы жоғары өнімдер бар. Зауыттың неміс серіктесі Deutsches Milchkontor Gmbh компаниясымен бірлесіп, қатты ірімшік өндірісін іске қосу бойынша ауқымды жоспары бар. Жобаның құны – 7,2 млрд теңге, толық қуатына шыққанда тәулігіне 250 тонна сүт өңдеуге қауқарлы болады. Осы жылдың өзінде кәсіпорын ЕО нарығына бағытталған жаңа өндірістің бірінші желісін іске қосады. Алайда жоспарларды ойдағыдай іске асыру үшін бизнестің алдында тұрған шикізат тапшылығы мәселелерін шешу қажет. Қазіргі уақытта сүт 12 мың жеке қосалқы шаруашылықтан сатып алынады.

Серік Жұманғарин егер кәсіпорын ішкі нарық үшін ірімшік өндірісін жолға қоятын болса, онда мемлекет одан әрі дамыту үшін қажетті қолдау көрсететінін атап өтті. Сондай-ақ Үлкен жоба аясында облыста биыл қуаты 400 бастан асатын тауарлы сүт фермалар құрылысын жеңілдетілген несиемен қамтамасыз ету үшін 15 млрд теңге бөлінді. Жалпы аймақта жақын арада 23 заманауи тауарлы сүт фермасының құрылысы жоспарланған. Бұл қайта өңдеу кәсіпорындарына сүт жеткізу мәселесін шешуге мүмкіндік береді. 

Сонымен қатар өңірге сапары аясында вице-премьер Рудныйдағы «Жас-Қанат 2006» ЖШС құс фабрикасында болды. Жұмыртқа мен ет өндіретін фабрика 15 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істейді. Ол осы жылдың 10 айында 156,2 млн дана жұмыртқа өндірілген. Өнім отандық нарықтарда сатылады және Ресей, Қырғызстан, Ауғанстан елдеріне экспортталады. Серік Жұманғарин кәсіпорынға делдалдардың санын барынша азайту және сол арқылы өнімнің бағасын тұрақтандыру үшін тауық жұмыртқаларын ӘКК арқылы сауда желілеріне өткізудің жаңа схемасына қатысуды ұсынды.

«Делдалдарды жолатпау керек. ӘКК және сауда желілері арқылы тікелей жұмыс істеген дұрыс. Жаңа схема бойынша жұмыс істесеңіздер жағдайларыңыз жақсы болады», — деді вице-премьер.

Сондай-ақ Қостанай облысына сапары барысында Серік Жұманғарин «Аян-Озат» ет комбинатында, «Астықжан» супермаркетінде, «Баян-Сұлу» кондитерлік фабрикасында, «Кайдзэн» бұршақты терең өңдеу зауытында болып, «Атамекен» өңірлік палатасында бизнес өкілдерімен кездесті.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.