Қазақстан мен Германия энергия тиімділігі саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Германия энергия тиімділігі саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

2023 жылғы 16-20 қазан аралығында Қазақстан-Германия энергетикалық диалогы шеңберінде қазақстандық делегация Берлин қаласына «Энергетикалық ауысу және климатты қорғау: энергия тиімділігі және жаңартылатын энергия көздері саласындағы тәжірибе» тақырыбындағы екі жақты кездесулерге қатысты.

Қазақстандық делегация құрамына ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ өкілдері, бизнес және коммерциялық емес ұйымдардың сарапшылары кірді.

Энергетикалық диалогтың негізгі тақырыптық бағыттары өнеркәсіптегі энергия тиімділігін арттыру, ғимараттардағы энергия тиімділігі, сутегі энергетикасы және жаңартылатын энергия көздері болып табылады.

Сапардың мақсаты ГФР-ның өнеркәсіп пен ғимарат секторындағы энергия тиімділігі саласындағы, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерін енгізу саласындағы озық тәжірибесін зерделеу болып табылады. Жұмыс сапары барысында қатысушылар энергиямен жабдықтау, ғимараттардың энергия тиімділігін арттыру, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерін пайдалану салаларындағы инновациялық шешімдерге назар аудара отырып, энергетикалық ауысу мен климатты қорғаудың практикалық іске асырылуын көрсететін Берлин қаласындағы бірнеше нысандар мен жобалау алаңдарын аралады.

Сапарды қорытындылай келе, Құрылыс және тұрғын үй шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Әзімбек Пазылбекұлы энергия тиімділігі саласындағы бірыңғай тәсілдерді қалыптастыруда үлкен әлеуетті көріп отырғанын айтты. «Қазақстан мен Германия арасындағы энергия тиімділігі саласындағы халықаралық әріптестікті іс жүзінде іске асыру мақсатында көпжылдық ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруға дайын», - деп атап өтті Ә.Пазылбекұлы.

Айта кетерлігі, іс-шараны Неміс энергетикалық агенттігі ұйымдастырды.

Анықтама: Германияның энергетикалық агенттігі энергия тиімділігі және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану саласындағы федералды сараптама орталығы болып табылады. Агенттік 2000 жылдың күзінде федералды үкіметтің бастамасымен жеке жауапкершілігі шектеулі серіктестік түрінде құрылды. Қызметтің негізгі бағыты-энергияны пайдалануды оңтайландыру және жаңартылатын энергия көздерін интеграциялау тұрғысынан энергия жүйелерін перспективалық дамыту.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.