Бейнеқоңыраулар арқылы кеңес беру
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Байланыс орталығы» бейнебайланыс арқылы салық төлеушілерге кеңес беру бойынша пилоттық жобаның іске қосылғаны туралы хабарлайды.
Жобаның мақсаты – арнайы Qr-кодты басу арқылы немесе Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz порталындағы сілтемесі арқылы немесе Telegram-да Salyqbot-та «Бейнеқоңырау» арқылы түскен қоңырауларды қабылдап, осы бойынша салық төлеушілерге неғұрлым ыңғайлы және жылдам форматта консультациялық қызметтер көрсету.
Сервис абоненттерге бейнеконсультация барысында мәтіндік хабарламалар мен қажетті сілтемелер жіберуге мүмкіндік береді.
Біз сіздің салық міндеттемелеріңізді орындау процесін қарапайым, ыңғайлы және қол жетімді етуге тырысамыз.
Байланыс орталығының жұмыс кестесі: жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма), сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
[xfvalue_img]