QR-кодты алу қажет екендігін хабарлаймыз
Құрметті салық төлеушілер!
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 1232 бұйрығымен бекітілген салық төлеушілерге шолып тексеруді жүргізе отырып әкімшілендіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру мақсатында жабық базарлар, сауда үйлері, дүкендер, павильондар аумағында көтерме және (немесе) бөлшек сауданы жүзеге асыратын кәсіпкерлерге QR-кодты (штрих-кодты) алу қажет екендігін хабарлайды.
Жоғарыда көрсетілген кәсіпкерлік субъектілері QR-кодты (штрих-кодты) Мемлекеттік кірістер комитетінің веб-порталы (https://kgd.gov.kz) арқылы белсенді терезеде ЖСН/БСН, бақылау-касса машинасының (бұдан әрі – БКМ) тіркеу нөмірін енгізу, «код құру» деген батырманы басу және басып шығару жолымен штрих-кодты (QR-кодты) алып, бақылау касса машинасы орналастырылған жерде штрих-кодты (QR-кодты) орналастыруы міндетті.
Бірыңғай байланыс орталығы 1414. Маңғыстау о.б. МКД Сенім телефоны (7292) 30-10-03.
[xfvalue_img]
18 пікір