СҚО полицейлері есірткі өткізген жағдайда қарастырылған жауапкершілік туралы студенттерге ескертіп жатыр

СҚО полицейлері есірткі өткізген жағдайда қарастырылған жауапкершілік туралы студенттерге ескертіп жатыр

Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне жастардың еріп кетуінің алдын алу – СҚО полицейлерінің Солтүстік Қазақстан университетінің жатақханаларында өткізген профилактикалық сипаттағы рейдтік іс-шарасының мақсаты осындай.

Жастар көп шоғырланған ортаның таңдалуы бекер емес. Ата-аналарынан ұзап, алыста білім алып жүрген жастарға қауіп төнуі мүмкін. Сондықтан полицейлер «AMANAT» партиясындағы жастар қанатының өкілдерімен бірлесіп жадынамалар таратты, психотроптық заттарды заңсыз жолмен пайдаланған жағдайда көзделген қылмыстық жауапкершілік пен есірткіні қолданудың зиянды салдары туралы айтты.

Есірткі өткізу үшін заңмен қатаң жауапкершілік қарастырылған, десе де кей азаматтар оңай ақша табу үшін осындай тәуекелге барады. Есірткі сатушылар үлкен сомада ақша төленетінін уәде етіп, хабарландырулар орналастырады. Осылайша, қысқа уақыт ішінде байып шыға келуге құмар жастарды іздей бастайды. Полиция қызметкерлері осындай мазмұндағы хабарландыруларды анықтап, бұғаттауға жібереді. Алғашқы есірткіні жасырғаннан бастап полиция қолға түсіргенге дейін үш айға жақын уақыт өтеді. Бұл жайлы да жедел уәкілдер жастарға айтты.

«Сондай-ақ жастарға есірткі заттарын жарнамалау мен насихаттау үшін көзделген қылмыстық жауапкершілік туралы ескертілді, - дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Руслан Сапаров. – Бұл туралы 299-1-бап ҚР Қылмыстық кодексіне былтыр енгізілді. Оған сәйкес, есірткі сатумен айналысатын интернет-дүкендерді және есірткіні жарнамалаған жағдайда үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Мысалы, қылмыс топтасып интернет арқылы, білім ошақтарында немесе адамдар көп жиналатын орындарда жасалса және т.б. жазаны ауырлататын жағдайлар болса жауапкершілік 6 жылға дейін ұзартылады. Биыл облыста мұндай 4 факті анықталды».

Жыл басынан СҚО полицейлері түрлі 207 есірткі құқық бұзушылығын анықтады, оның 83-і есірткі өткізу фактілері. 

СҚО ПД баспасөз қызметі

https://polisia.kz/sqo-politsejleri-esirtki-otkizgen-zhaghdajda-qarastyrylghan-zhauapkershilik-turaly-studentterge-eskertip-zhatyr/

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.