Антикор павильонды демонтаждау жүргізуге жол бермеді
Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке "Бизнеске жол" жобасы шеңберінде кәсіпкерден "Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімі аппараты" ММ лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне қатысты жер учаскесін қосалқы жалға беруден негізсіз бас тарту және сауда объектісін демонтаждау фактісі бойынша өтініш түсті.
Мәселен, "Астана "ӘКК" АҚ мен ЖК арасында жалпы ауданы 0,0009 га стационарлық емес сату объектісін (көкөніс-жеміс) орналастыруға жер учаскесін қосалқы жалдау шарты жасалды.
Алайда, аудан әкімдігінен павильонды демонтаждау туралы хабарлама келіп түсті.
Кәсіпкердің құқықтарын қорғау мақсатында Департаментпен 2 кездесу өткізілді, аудан әкімдігінен жіберілген хабарлама кері қайтарылды.
Кездесу қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдар кәсіпкерлердің құқықтарын бұзуға жол бермеу бойынша тиісті ұсыныстар алды.
[xfvalue_img]