Астық импортына тыйым: транзит және лицензияланған элеваторлар арқылы импорт рұқсат етіледі
Сыртқы сауда саясаты және Халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ВАК-тың 2023 жылғы 10 тамыздағы шешімі негізінде «Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль және темір жол көліктерімен бидай әкелуге тыйым салу туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 25 қыркүйектегі №337 бұйрығымен:
- 2023 жылғы 11 қазаннан бастап үшінші елдерден және ЕАЭО елдерінен автомобиль көлігімен Қазақстан аумағына бидай әкелуге (СЭҚ ТН: 100119; 100199) 6 ай мерзімге тыйым салу ұзартылды;
-лицензияланған элеваторлардың, астық өңдеушілердің және құс шаруашылығы кәсіпорындарының атына бидай әкелуді қоспағанда, үшінші елдерден және ЕАЭО елдерінен темір жол көлігімен Қазақстан аумағына бидай әкелуге 6 ай мерзімге тыйым салу (СЭҚ ТН: 100119; 100199) белгіленді.
Осылайша, бидайдың кез-келген тұтынушысы оны лицензияланған элеваторлар арқылы импорттай алады.
Сондай-ақ, енгізілген шектеулер Қазақстан аумағы арқылы бидайды темір жол көлігімен транзиттік тасымалдауға қолданылмайтынын атап өтеміз.
Астық өңдеу және құс шаруашылығы кәсіпорындарының тізбесін «Атамекен» ҰКП қалыптастырады және өзектендіреді. Лицензияланған элеваторлардың тізімі https://p-grain-receipt.qoldau.kz/ru/gr-info/granaries сайтының деректеріне сәйкес қалыптастырылады.
[xfvalue_img]