Антикор ерікті болуға шақырады
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі азаматтарды «ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ВОЛОНТЕРЛІК» жобасының еріктісі болуға шақырады.
Жобаның мақсаты – қоғамда жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастыру, сондай-ақ жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептерді және олардың салдарын жою бойынша жұмысты жүзеге асыру болып табылады.
Жобаның әлеуетті волонтерлері белсенді азаматтар, қоғамдық ұйымдар, студенттер, студенттік ұйымдар, зерттеу орталықтары, адвокаттар, нотариустар, сот орындаушылары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицерлер, сарапшылар, мамандар, мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, жеке ұйымдар және т.б. бола алады.
Жоба аясында сіз келесі бағыттар (қызмет) арқылы жемқорлыққа қарсы күресте көмек көрсете аласыз: қоғамдық бақылау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеу және ағарту, Pro bono волонтерлік (кәсіби көмек көрсету) және корпоративтік еріктілік.
Атқарылатын жұмыс көрсетілген бағыттар мен іс-шаралармен шектелмейді және еріктілер жеке іс-шараларды немесе жобаның бағыттарын өзі жүзеге асыратын қызмет түріне қарай таңдай алады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жеке үлес қосуға ниет білдірушілерге практикалық және әдіснамалық көмек көрсетілетін болады.
Жобаға қатысу үшін сіздер Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментіне келесі мекенжай бойынша хабарласа аласыздар: Петропавл қ., Интернационал көшесі, 60, байланыс телефоны 8 (7152) 70-13-83.
Сондай-ақ, волонтерлерді тіркеу кандидаттың өтінім-сауалнамасын, өтінімдерді қабылдаудың қолжетімді байланыс құралдары арқылы қабылдау арқылы жүзеге асырылатын болады (eOtinish, upd.sko@antikor.gov.kz электрондық почтасы, WhatsApp 8 775 247 86 08).
[xfvalue_img]
20 пікір