Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 10 - бабына сәйкес, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар – қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласы үшін белгіленген, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар жүйесі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды жұртшылықтың қатысуымен мемлекеттік органдар, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері әзірлейді және олар заңнаманы әзірлеу кезінде және құқық қолдану практикасында ескеріледі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың негізінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу тұрғысынан лауазымдық міндеттерді орындау бойынша тікелей іс-әрекеттер жатады:
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартта қозғалатын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру;
- Өз құзыреті шегінде басқарушылық және өзге шешімдерді дайындау және қабылдау;
- Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындау;
- Тыныс-тіршіліктің тиісті саласының ерекшелігіне байланысты өзге де қоғамдық маңызы бар қатынастарды қамтиды.
Мемлекеттік қызметшінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқына қойылатын талаптар арасында лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыру кезінде кәсіби ортада ғана емес, сондай-ақ күнделікті өмірде де басшылыққа алу маңызды болып табылады. Мемлекеттік қызметшінің мінез-құлықының негізгі лауазымдық регламентіне сәйкес лауазымдық ережелерінен ауытқу сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал етуі мүмкін, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық мінез-құлқының белгісі болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатына қол жеткізу қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарын жою, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өзара іс-қимыл жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты дамыту, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу жүргізу арқылы іске асырылады.
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты кеңсесінің кеңсе меңгерушісінің м.а. М.А. Абдуалиева
[xfvalue_img]
7 пікір