Антикор Маңғыстау қалаларды көгалдандыру бойынша жемқорлыққа қарсы мониторингті бастады
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Маңғыстау облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуекелдер картасы аясында қалаларды көгалдандыру мәселесі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізуде.
Мониторингтің мақсаты – көгалдандыру мәселелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Осыған орай, аталған мәселеге қатысты мәліметтеріңіз бен ұсыныс-пікірлеріңізді mangistau.antikor@gmail.com поштасына жолдауға немесе Департаменттің Превенция басқармасы басшысының орынбасары Али Абдуловтың 8 705 715 91 15 нөмеріне хабарласуға («WhatsApp» желісі бар) болады.
Құқықбұзушылықтар мен тәуекелдерді анықтауға өз үлесіңізді қосуға шақырамыз.
[xfvalue_img]