Маңғыстау Антикор бизнес үшін гранттар беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауды бастады
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бекітілген «Бизнеске жол» жобасын іске асыру жөніндегі талдамалық іс-шаралардың бірыңғай жоспарына сәйкес, Маңғыстау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен бөлімдері және оларға бағынысты мекемелердің қызметінде бизнеске қаржылық қолдау көрсету (гранттар) саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды бастады.
Осыған орай, аталған мәселеге қатысты мәліметтеріңіз бен ұсыныс-пікірлеріңізді mangistau.antikor@gmail.com поштасына жолдауға немесе Департаменттің Превенция басқармасы басшысының орынбасары Али Абдуловтың 8 705 715 91 15 нөмеріне хабарласуға («WhatsApp» желісі бар) болады.
Құқықбұзушылықтар мен тәуекелдерді анықтауға өз үлесіңізді қосуға шақырамыз.
[xfvalue_img]