Таразда киім ұрлаған тұлғалар бейнебақылау камералары арқылы анықталды
Ағымдағы жылдың 3 сәуірінде “Mart” сауда орталығындағы дүкеннің бірінде белгісіз адамдар тобы алдын ала сөз байласу арқылы 5 дана күнделікті киетін киім-кешектердi ұрлаған. Бейнебақылау камераларын қарау барысында екі қыз және ер адамның киім таңдап, өлшеу бөлмесі арқылы бойтасалап кетiп қалғаны белгілі болды.
Полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 18 және 19 жастағы азаматшалар, 22 жастағы ер адам анықталды.
Күдіктілер өз кінәларын толық мойындады.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігінің 1-тармағымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Осы бапқа сәйкес мүлкі тәркіленіп, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бес жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
[xfvalue_img]