Мемлекеттік қызметшілер парасаттылық туралы театр қойылымын тамашалады
Өңірдегі мемлекеттік қызметшілер парасаттылық туралы театр қойылымына барды. Шара Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті ұйымдастыруымен өтті.
Іс-шараның мақсаты мемлекеттік қызметшілер арасында парасаттылық, адалдық құндылықтарын дәріптеу.
Шығарма әділдік тақырыбын қозғайды, көрерменді адами құндылықтар мен әділдік принциптері туралы ойландырады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру үшін қоғамның үлесі қашанда маңызды. Театрдағы қойылымдар арқылы парасаттылық, адалдық идеясының әрқашан жеңіске жететініне назар аудартқымыз келеді,» деді Біржан Хайруллин.
Сондай-ақ, спикер өңірдегі мемлекеттік орган басшылары мен қызметкерлерінің қойылымға көрермен ретінде қатысқанын атап өтті.
Шараға қатысушылар да жемқорлықтан ада қоғам құру үшін адалдық, парасаттылық құндылықтарын насихаттауды жалғастыру керек деген ойларын айтты.
[xfvalue_img]
18 пікір