Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруды қадағалау
Бас прокуратура субъектілерге барумен профилактикалық бақылау тізімдерін қалыптастырудың заңдылығына талдау жүргізді.
Өткен жылдың желтоқсан айында ведомстволардың басшылары ағымдағы жылдың 1-жартыжылдығына осындай тексеру іс-шараларының тізбесін бекіткені анықтады.
Бұл ретте олардың көпшілігін жүргізу мүмкін емес, өйткені олар Кәсіпкерлік кодекске қабылданған түзетулерге қайшы келеді.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша кәсіпкерлік қызметті «таза парақтан» реттеу жаңа тәсілдері енгізілді. Мемлекеттік бақылауды жүргізу айтарлықтай өзгерді.
Реформаның негізгі міндеттерінің бірі – жазалау тексерулерінен алдын алу шараларына көшу.
Енді субъектіге барусыз профилактикалық бақылау түрінде алдын ала талдау жүргізілмесе, оған барумен профилактикалық бақылау жүргізуге тыйым салынады.
Мұндай қашықтықтан бақылаудың негізгі мақсаты – бақылау субъектілеріне бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын беру және оларға әкімшілік жүктемені азайту.
2022 жылы мұндай талдаулар жүргізілмегенін және қабылданған бұйрықтардың орындалуы бақылау субъектілерінің, оның ішінде бизнестің құқықтарын айтарлықтай бұзатынын ескере отырып, оларға прокуратура наразылық енгізді.
Прокуратура енгізген наразылықтар бойынша Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтау саласындағы 5860 субъектіге барумен профилактикалық бақылау жүргізу туралы 3 бұйрықтың күшін жойды.
Ағымдағы жылғы 1-жартыжылдықта денсаулық сақтау органдары 2 мыңға жуық кәсіпкерге қатысты осы жоспарлы іс-шараларды жүргізбейді.
Мұндай фактілердің жолын кесу бойынша жұмыстар жалғасуда.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
1 пікір