«Қоғамдық бақылау - түбіртекті талап ет» пилоттық жобаны талдау қорытындылары туралы

«Қоғамдық бақылау - түбіртекті талап ет» пилоттық жобаны талдау қорытындылары туралы

Прокурорлар салық органдары «Қоғамдық бақылау - түбіртекті талап ет» акциясын өткізу кезінде заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізді.

Бұл акцияның шеңберінде азаматтар салық органдарына оларға тауар чегін бермеуге қатысты бұзушылықтар туралы хабарлайды.

Талдау мемлекеттік кірістер органдарының іс-әрекеттерінде әртүрлі бұзушылықтар бар екенін көрсетті.

Салық органдарының қызметкерлері шағын бизнес субъектілеріне қатысты тексерулер жүргізуге мораторийге қарамастан, қоғамдық бақылау түрінде жасырын тексерулер жүргізуде.

Бизнес субъектілерінің қызметіне тексеру іс-шараларын ұйымдастыру арқылы заңсыз араласу фактілері анықталды.

Осылайша, салық органдарының қызметкерлері әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалғанға дейін сауда орындарында кәсіпкерлерден сұхбат алып, олардан ақпарат талап етеді, яғни толыққанды тексерулер жүргізеді.

Мысалы, «Медерхан» ЖК фискалдық чекті бермегені туралы өтініш бойынша Талғар ауданы (Алматы облысы) Мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы сауда нүктесінің орналасқан жеріне барған.

Нысанда ол кәсіпкерді және бақылау-кассалық машинаны тіркеу туралы құжаттарды талап еткен.

Іс жүзінде тексеру жүргізілді. Деректер Кәсіпкерлік кодекстің, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің талаптарын бұза отырып алынған және дәлелдемелер ретінде саналмайды.

Прокурорлар қабылдаған шаралардың қорытындысы бойынша кәсіпкерді жауапқа тарту туралы қаулының күші жойылып, тексеру жүргізу тәртібін бұзғаны үшін лауазымды адамға әкімшілік айыппұл салынды.

Кейбір жағдайларда кәсіпкерлер өздерінің жауапқа тартылғанын білмеген.

Бұған қоса бизнес субъектілеріне чектерді бермеу туралы жеткілікті дәлелдерсіз әкімшілік жазалар қолданылған.

Жалпы, заң бұзушылықтар барлық жерде анықталды.

Осыған байланысты Бас прокуратура Қаржы министрінің атына қадағалау актісін енгізді.

Мемлекеттік кірістер комитеті аталған акция шеңберінде келіп түскен шағымдарды пысықтау бойынша салық органдарының іс-қимыл алгоритмін әзірледі.

Барлық мемлекеттік кірістер департаменттері аудандық басқармалардың қызметкерлерімен түсіндіру семинарларын өткізді.

Бүгінге мемлекеттік кірістер органдарының 53 қызметкері, оның ішінде 18 басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бұдан басқа, 8 лауазымды тұлғаға әкімшілік жаза қолданылды.

Сонымен бірге, әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы 346 заңсыз қозғалған қаулының күші жойылды.

Бұл жұмыс жалғасуда және Бас прокуратураның бақылауында.

Кәсіпкерлердің құқықтары бұзылған жағдайда прокуратура органдарының бизнесті қорғау жөніндегі мобильді топтарына (прокуратура сайттарында телефон нөмірлері көрсетілген) жүгіну қажет екенін еске саламыз. 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

  1. аватар
    Amrjxi 26 августа 2023 19:57

    purchase dipyridamole generic <a href="https://plenpid.shop/">lopid 300 mg over the counter</a> order pravastatin 10mg online cheap

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.