24/7 режимінде бизнесті қорғау
Ағымдағы жылы прокурорлардың бизнесті қорғау жөніндегі мобильді топтары кәсіпкерлердің 635 сигналын жедел қарады.
15% жағдайда (98) құқық бұзушылық фактілері расталды.
Мысалы, «Омоева К.К.» ЖК сигналы пысықталды. Оның көлігінің қозғалысы салықтық тексеру жүргізу үшін негізсіз шектелген.
Павлодар облысы прокуратурасының ағымдағы жылғы 28 ақпандағы қаулысымен тыйым салу-шектеу сипатындағы шаралар жойылып, тексеру тоқтатылды, көлік құралы мен жүк кәсіпкерге қайтарылды.
Басқа жағдайда Алматы облысы Жамбыл ауданы прокуратурасының мобильдік тобына жарнама үшін салық алудың заңдылығы мәселесі бойынша «К. Дадашева» ЖК-дан сигнал түсті.
Оны қарау нәтижелері бойынша осы саладағы заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізілді.
Аймақ кәсіпкерлерінен жарнама үшін заңсыз салық алынғаны анықталды.
Қадағалау актісі бойынша 63 кәсіпкерге олар төлеген сомалар артық төлем түрінде дербес шоттарға толтырылды.
Жалпы, кәсіпкерлік саласындағы бұзушылықтар бойынша прокурорлар 500 млн теңге сомасына 1,5 мыңнан астам әкімшілік өндірісті, уәкілетті органдардың 900 заңсыз тыйым салу және шектеу шараларын жойып, 112 адам жауапқа тартылды.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының кәсіпкерлердің прокуратураға кедергісіз жүгінуі туралы тапсырмасы шеңберінде цифрлық шешімдер қолданылады.
Алматы қаласында және Алматы облысында кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу туралы сигнал беру үшін арнайы QR-код енгізілді.
Енді осы өңірлерде Кәсіпкерлер QR-код бойынша өту арқылы мобильді топқа жүгіне алады.
Мұндай сигналдар автоматты түрде өңделеді және прокуратураның мәліметтер базасына түседі.
Қажет болған жағдайда прокурор объектіге барып әрекет етеді.
Бұл ІТ - құралды Бас Прокурор мақұлдап оны масштабтау Бас прокуратураның «Бизнесті қорғау» жобасының іс-шаралар жоспарына енгізілді.
Сонымен қатар, кәсіпкерлердің құқықтары бұзылған жағдайда 30-17-93 немесе +7-702-629-75-61 (Бас прокуратураның мобильді тобы) немесе аумақтық прокуратуралардың сайттарында көрсетілген нөмірлер бойынша тікелей жүгінуге болатындығын атап өтеміз.
[xfvalue_img]