СҚО-ның 3,5 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің дизель отыны мәселесі шешілді
Солтүстік Қазақстанның диқандарына арзандатылған дизель отыны климаттық жағдайлар есепке алынбай бөлінген. Бұл мәселемен СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне жанар-жағармай материалдарының операторлары жүгінді.
ҚР Энергетика министрлігі өңір фермерлерінің маусымдық дала жұмыстарына арналған отынның көп бөлігін техникалық сипаттамалары елдің солтүстік өңірлерінің ауа-райына сәйкес келмейтін, Атырау мұнай өңдеу зауытынан (АМӨЗ) бөлгенін анықтады.
Мұнай өнімінің Солтүстік Қазақстан облысының климаттық ерекшеліктеріне сәйкес келмеуі оның қатып қалуына және соның салдарынан егіс жұмыстарын жүргізудің бұзылуына, қымбат импорттық ауыл шаруашылығы техникасының істен шығуына әкеп соқтырды. Жыл сайын облыстың 3,5 мыңға жуық аграриі осындай проблемаға тап болды.
Мәселені шешу үшін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ауыл шаруашылығы министрлігінің алаңында ведомствоаралық жұмыс кеңесін ұйымдастырды, онда жоғарыда аталған мәселе ҚР ЭМ басшылығына жеткізілді.
Нәтижесінде, бейінді министрлік ағымдағы көктемгі-дала жұмыстарына Павлодар мұнай-химия зауытынан (солтүстік өңір үшін неғұрлым бейімделген) 53 мың тонна дизель отынын бөлу туралы шешім қабылдады және АМӨЗ-ден 20,6 мың тоннаны, ауа температурасы отынның климаттық сипаттамаларына сәйкес келетін мамыр айында жеткізуді жоспарлап отыр.
[xfvalue_img]
29 пікір