Таразда бірнеше рет интернет алаяқтық жасаған ер адам ұсталды
Жамбыл облысының Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бірнеше интернет алаяқтық қылмысын жасады деген күдікпен Шымкент қаласының 20 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Ұсталған адамның заңсыз әрекеттерін ұялы телефоны арқылы жүзеге асырып отырған.
Күдікті интернет алаяқтықты табыс көзіне айналдыра отырып, инстаграмда "Kazakhstan Aidos" аккаунты арқылы азаматтарға елдегі банктердің бірінде несиелерді төмен пайызбен қайта қаржыландыруға уәде берген. Ер адам сенген клиенттерге өзін басқа біреудің атымен таныстырған және растау үшін сол адамның жеке куәлігін жіберген. Жеке куәліктің иесі өзінің деректерін алаяқтың пайдаланғанын кейіннен білді.
Жәбірленушілер өздерінің барлық жеке деректері мен банк картасы туралы мәліметтерін қайта қаржыландыру үшін алаяққа жіберіп отырған. Күдікті алынған ақпаратты пайдаланып, карталарсыз қолма-қол ақшаны алған.
Қазіргі уақытта ұсталған адамның интернеттегі алаяқтықтың тағы да 5 дерегіне қатыстылығы тексерілуде. Жалпы келтірілген шығынның көлемі
5 000 000 теңгені құрайды.
Осы деректерге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Істің барлық егжей-тегжейлі мән-жайларын анықтау үшін қажетті жедел-тергеу іс-шаралар жүргізілуде.
Егер, сіз осындай қылмыстың құрбаны болсаңыз, "102" нөмірі арқылы полицияға немесе сіздің ауданыңыздың кезекші бөліміне хабарласуыңызды ескертеміз.
[xfvalue_img]
25 пікір