СҚО полицейлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы беріктігі тексерілмек
Тәртіп сақшыларының қатарындағы сыбайлас жемқорлықты жою — қазіргі полицияның негізгі міндеттерінің бірі. Бұл тақырып Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінде өткен әлеуметтік-құқықтық дайындық шеңберіндегі сабақта қаралды. СҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкері Светлана Зайцева полицейлерді облыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жай-күйі туралы хабардар етті. Ол сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін көзделген жауапкершілікті еске салып, заңнамадағы жаңа өзгерістер туралы айтты. Оның ішінде ішкі істер органдарында енгізілгелі жатқан «Integrity Check» деп аталатын жоба арқылы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы беріктігін тексеру де бар. Мұндай тексерудің теріс нәтижесі дереу жұмыстан шығаруға алып келмек. Сонымен бірге тыңдаушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнероликтер көрсетілді.
«Сабаққа ведомство аппаратының 100-ден астам қызметкері қатысты, - дейді СҚО ПД кадр саясаты басқармасының бастығы полиция полковнигі Абылғазы Ғабдуллин. – Дәрісті бейнеселекторлық байланыс бойынша Петропавл қаласы полиция басқармасының және аудандық полиция бөлімдерінің 400-ге жуық қызметкері тыңдады. Бұл биылғы жылы әлеуметтік-құқықтық дайындық бойынша өткен алғашқы сабақ болды. Мұндай сабақтар барысында қызметкерлер заңнамадағы жаңашылдықтарды, құқық қолдану практикасының қыр-сырын зерттейді, құқықтық сауаттылықтарын арттырады. Бұл жеке құраммен тұрақты жүргізілетін тәрбие жұмысының маңызды бөлігі».
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]