Тараздық полицейлер 2000-ға жуық қорғау нұсқамасын шығарды
Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің қызметкерлері учаскелік полиция инспекторларымен, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша іс-шаралар өткізуде.
2022 жылы Таразда 53 әйел 155 баласымен дағдарыс орталықтарына орналастырылды, оларға үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп көмек көрсетілді. 1534 әйелге кәсіби кеңес берілді.
Полиция қызметкерлері 680-ге жуық құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты, 1912 қорғау нұсқамасы шығарылды, нұсқаманы бұзған 123 адамға үш айдан астам мерзімге ерекше талап қойылды.
Инспекторлар әйелдерге өз мәселелерін шешуге, жұмысқа орналасуға, кейде құжаттарын қалпына келтіруге көмектеседі.
- Әйелдер түрлі мәселелер бойынша жүгінеді. Біз, үйлестіруші орган ретінде, үкіметтік емес ұйымдарға барамыз және оларға көмектесеміз. Негізінен отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін факторлар – қолайсыз әлеуметтік-экономикалық жағдайлар, әлеуметтік-тұрмыстық тұрақсыздық, жұмыссыздық, алкоголизм, отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынастың тапшылығынан болып табылады. Біз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға және жолын кесуге, сондай-ақ отбасының қоғамдағы рөлін нығайтуға бағытталған алдын алу іс-шаралар кешенін тұрақты негізде жүргізіп отырамыз, - деді Тараз қаласы ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімі әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлінісінің аға инспекторы полиция майоры Анар Мұсаева.
Жамбыл облысының Полиция департаменті егер, Сіз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз, дереу жақын жердегі полиция бөліміне немесе "102" нөміріне хабарласу қажет екенін ескертеді.
Сіз жақындарыңызға, туыстарыңызға немесе көршілеріңізге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық деректері туралы білсеңіз, шетте қалмауды және құқық қорғау органдарына хабарлауды сұраймыз, осылайша, Сіз біреудің өмірін сақтай аласыз!
[xfvalue_img]