Қазақстан Солтүстік Македониямен азаматтығы жоқтықты болдырмау бойынша тәжірибесімен бөлісуде
Үкімет және азаматтық қоғам өкілдерінен тұратын Солтүстік Македония делегациясы танысу сапары шеңберінде Қазақстанға сапармен келді.
Сапардың мақсаты – азаматтығы жоқтық мәселелерін тиімді шешу үшін делегацияны азаматтық мәселелері бойынша қазақстандық билік органдарының және Үкімет, азаматтық қоғам, БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдардың арасында құрылған үйлестірушілік тетік жұмыс тәжірибесімен таныстыру.
Іс-шараны ұйымдастырушылар - БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі агенттігі (БҰҰ БЖКБ). Солтүстік Македония делегациясы ҚР Әділет министрлігінің, ҚР Ішкі істер министрлігінің, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесінің және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті.
Солтүстік Македонияның Әділет министрлігі азаматтығы жоқтықты жою бойынша озық тәжірибесі бар ел ретінде Қазақстанға танысу сапарын ұйымдастыруға қызығушылық білдірді. Қазақстанның азаматтығы жоқтықты жоюдағы күш-жігері мыңдаған адамдарға азаматтық алуға көмектесу арқылы, медициналық, білім беру және мемлекеттік қызметтерге қолжетімділікпен қамтамасыз етті және осылайша Қазақстан Республикасының тұрақты дамуына жәрдемдесті. Қазақстандағы азаматтығы жоқтық мәселесі Кеңес Одағының ыдырауы, ал Солтүстік Македониядағы ішінара жаңа мемлекеттердің пайда болуы және шекаралардың өзгеруі нәтижесі болып табылады.
БҰҰ БЖКБ-ның Орталық Азия бойынша өкілі Ханс Фридрих Шоддер БҰҰ БЖКБ Қазақстанда азаматтығы жоқтықты жоюға бағытталған БҰҰ-ның екі конвенциясына қосылу мәселесі қарастырылып жатқанын құптайтыны туралы пікір білдірді.
«2014 жылдан бастап, #IBelong 2024 жылға дейінгі азаматтығы жоқтықты жою жөніндегі жаһандық науқаны іске қосылған сәттен бастап, Қазақстан туылуды жалпыға бірдей қамтамасыз етіп, азаматтығы жоқ тұлғаларды анықтау бойынша жалпыұлттық күш – жігер жұмсап, азаматтығы жоқтықты анықтау рәсімін бекіте отырып, азаматтығы жоқтықты жоюда және алдын алуда айтарлықтай ілгеріледі,» - деп БҰҰ БЖКБ Орталық Азия бойынша өкілі қоса айтып өтті.
Бұл кездесу азаматтығы жоқ тұлғаларды сәйкестендіру және қорғау саласында озық практика және тәжірибе алмасу үшін бастапқы нүкте болды, сондай-ақ 1954 жылғы Апатридтердің мәртебесі туралы конвенцияға және 1961 жылғы Азаматсыздықты қысқарту туралы конвенцияға қосылу және іске асыру мәселелері талқыланды.
[xfvalue_img]