Сотталғандар арасында спорттық сайыс өтті
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінде сотталғандар арасында спорттың үш түрінен сайыс өткізілді. Сотталған азаматтар гір тасын көтеру, турникке тартылу және кеудемен серпіліс (отжимания) түрлерінен өзара кім мықтыны анықтады. Сайысқа 17 сотталған қатысып, І,ІІ,ІІІ орынға 6000, 5000 және 4000 теңгелік тарлан карталары, сонымен қатар әр сайыс түрінен үш қатысушыға 1000 теңгелік тарлан карталары ынталандыру сыйлығы ретінде үйлестірілді. Аталған шараға Қызылорда қалалық «Асыл мұра - Орда» қоғамдық қоры демеушілік жасады.
«Өткізілген іс- шара сотталғандардың көңіл-күйлерін көтеріп тастады. Спорт – денсаулық кепілі деген сөз тегін айтылмаса керек. Біріншіден мұндай сайыстар жазасын өтеушілерді спортпен шұғылдануға серпін берсе, екіншіден күнделікті бір сарынды өмірден көңілдерін басқа арнаға бұрып психологиялық күйзелістердің алдын алады деп түсінемін. Мәдени және спорттық ісшараларға үнемі қолдау білдіріп, демеушілік жасап жүрген «Асыл мұра - Орда» қоғамдық қорының директоры А.Айтмамбетова ханымға алғыс білдіремін», - дейді сайысты ұйымдастырушы теологиялық оңалту жұмыстарын ұйымдастыру тобының аға инспекторы М.Жамиев.
Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
[xfvalue_img]
19 пікір