Сотталғандар шығарма жазды
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЗК-169/5 мекемесінде жазасын өтеушілер арасында шығармашылық сайыс өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты сотталғандардың бойында ұлттық патриотизм мен
Отан сүйгіштікті қалыптастыру.
Шараны «Balans Plus» қоғамдық қоры ұйымдастырды. Іс-шараға барлығы жиырма сотталған қатысып «Отан. Сенім. Мемлекет» тақырыбында қазақ және орыс тілдерінде шығарма жазды.
Шығарма қорытындысы бойынша І,ІІ және ІІІ-ші орын алған жазасын өтеушілер арнайы дипломдармен және қомақты сыйақымен (тарлан карт) марапатталса, қалған барлық қатысушылар ынталандыру сыйлығымен марапатталды.
«Бүгінгі байқауға қатысып, бағымды сынап көрдім. Туып өскен жерім туралы шығарма жаздым. Ойымды еркін, жүйелі жеткізуге тырыстым. Қазылар алқасының шешімімен жүлделі 3 орынды иеленіп, қуаныштан толқып тұрмын. Қаншама сотталған арасынан жүлделі орын алу оңай емес, ұйымдастырушыларға алғысым шексіз»,- деді сотталған азамат.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
[xfvalue_img]
21 пікір