Сотталғандар арасында психологиялық клубтың кезекті отырысы өтті
Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №37, №60 мемлекеттік мекемесінде психологияға қызығушылық танытқан сотталғандар арасында психологиялық клуб құрылған болатын.
Бүгін №60 мекемеде психологиялық клуб мүшелерінің кезекті отырысы өтті.
Шараға Үкіметтік емес ұйымдардың ресурстық орталығының сектор басшысы Қаратайұлы Шакизат және осы орталықтың аға сарапшысы Ахметова Айжамал және сотталған азаматтар қатысты.
«Жанжалсыз өмір сүр» тақырыбындағы сабаққа сотталғандар белсенділікпен қатысып, өз ойларын да ортаға салды. Сабақ барысында сотталған азаматтармен эмоциялар мен сезімдерді түсіну және білдіру дағдыларын қалыптастыруға, жанжал жағдайында сенімді мінез-құлыққа, жеке қасиеттер туралы білімді қалыптастыруға арналған тренинг жаттығулары жүргізіліп, клуб мүшелерінің арасында топтық пікір -талас өтті.
Шара соңында сала мамандары тарапынан сотталған азаматтарға психологиялық кеңестер беріліп, сотталған азаматтар да көкейлерінде жүрген сұрақтарына қойып, мамандардан тұщымды жауаптарын алды.
Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
[xfvalue_img]