ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Риддер қаласының тұрғындарымен кездесті
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Денис Шакенов полиция департаментінің бастығы Серік Жүнісбековпен, облыс прокуроры Алмат Байшолақовпен және қала әкімі Риддер Дмитрий Горьковоймен бірге Риддер қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Шәкенов Денис облыста сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен құқық бұзушылықтарды азайту мақсатында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы әзірленгенін атап өтті. Картаға қолданыстағы процестердің ашық болмауына, әкімшілік кедергілердің болуына, шенеуніктердің озбырлығына, заңнаманың жетілмегендігіне байланысты шешімін таппай келе жатқан өзекті мәселелердің тізбесі кірді. Әлеуметтік желілер мен азаматтардың өтініштері мониторингінің нәтижелері бойынша анықталған, облыс халқын толғандыратын нақты проблемаларды шешу басым бағыт болып табылады.
«Азаматтардың белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырамын, сыбайлас жемқорлық фактілері белгілі болса Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарлауларыңызды сұраймыз. Сыбайлас жемқорлық фактісі туралы әрбір шағым заңды түрде қаралып, тиісті шаралар қабылданады, кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылады,", - деп атап өтті Денис Шакенов.
ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет соңғы үш жылда Риддер қаласы бойынша 9 сыбайлас жемқорлық қылмысты тіркеді, олардың көпшілігі бюджет қаражатын жымқыру фактілері бойынша.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша 8 лауазымды тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды, оның 5-і бас бостандығынан айыру мен шектеудің әртүрлі мерзімдеріне, сондай-ақ ірі айыппұлдар тағайындау түрінде сотталды.
Қала тұрғындары құқыққорғау органдарының басшыларына азаматтарды құқықтық қорғауды қамтамасыз етуге қатысты барлығы 16 сұрақ қойды, оның ішінде 2 сұрақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысына жолданды. Олар сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін азаматтарды қорғау шаралары туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоға қызметке кіргуге қатысты сауалдар болды.
[xfvalue_img]