Антикор: азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты маңызды
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин Облыстың Жамбыл ауданына барды. Аудан активімен кездесу барысында 2022-2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының нақты реформалары мен жобаларынан тұратын 6 міндет талқыланды.
Олардың ішінде сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру, бизнестің парасаттылығы арқылы корпоративтік сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жетілдіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда азаматтық қоғамның рөлін күшейту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың мониторингі, уәкілетті органның қызметін жетілдіру сияқты міндеттерді шешу бар.
Сондай-ақ, Нұрлан Жахин жиналғандарды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әзірлеген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы туралы хабардар етті.
«Бұл процестердің ашық болмауына, әкімшілік кедергілердің болуына, шенеуніктердің асықпауына немесе озбырлығына байланысты шешімін таппайтын өзекті мәселелердің тізбесі. Біз осы негізде сыбайлас жемқорлық схемалары мен мәселелерді заңсыз шешу мүмкіндіктері туындамауы үшін өңір басшылығын халықтың әлеуметтік-маңызды проблемалары туралы алдын ала хабардар ететін боламыз», - деп атап өтті спикер.
Іс-шара соңында диалог өтті, барлық айтылған проблемалық мәселелер жеке бақылауға алынды.
[xfvalue_img]