Самбодан өткен республика чемпионатынан жеңіспен оралған ақтөбелік ҚАЖ қызметкерлері марапатталды
Бүгін, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Илюпов, самбодан өткен республика чемпионатынан жеңіспен оралған ҚАЖ қызметкерлерін жеке құрам алдында департаменттің басшылығы атынан Алғыс хатпен марапаттады.
Еске сала кетсек, ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті қызметкерлері арасында Самбо күресінен өткен X чемпионатында Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық- атқару жүйесі Департаментінің атынан қатысқан үш бірдей ҚАЖ қызметкерлері: Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің кадр саясаты бөлімшесінің аға инспекторы әділет майоры Қалам Абдуалиев 88 кг салмақ дәрежесінде жүлделі І орынды, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметінің инспекторы әділет капитаны Данияр Нуралин жүлделі ІІ орынды, ал Әйтеке би аудандық пробация қызметінің инспекторы әділет капитаны Азамат Бақтыбаев +98 кг жоғары категориясы бойынша ІІІ орынды қанжығасына байлап, жеңіспен оралған болатын.
ҚАЖ қызметкерлерінің республика чемпионатынан қатарынан бірнеше жеңіспен оралуын үлкен жетістікке балаған Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары әділет полковнигі Бақытжан Илюпов, қызметкерлердің алдағы ірі жарыстарда да шеберліктерін шыңдай түсу керектігін айтып, спорттық жетістіктер тіледі.
Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы
Фото автордыкі
[xfvalue_img]
33 пікір