Ақтөбеде ҚАЖ департаменті және сала ардагерлері «Қазақстан полициясының 30 жылдығына» орай волейболдан турнир өткізді
Қазақстан полициясына 30 жыл толуына орай, Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық- атқару жүйесі департаменті және сала ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен, ҚАЖ қызметкерлері және Ішкі істер орандарының ардагерлері арасында волейболдан ашық турнир өтті.
Турнирге Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті және департаментке қарасты КА-168/1, КА- 168/2, КА-168/3 мекемелері, Ақтөбе облысының ҚАЖД және Полиция департаментінің сала ардагерлері, сондай- ақ азаматтық құрама командасы мен ҚАЖ саласындағы қызметкер қыздардан құралған барлығы 7 команда қатысты.
Турнирді салтанатты түрде ашқан Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Илюпов жарысқа қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тіледі. Бұдан кейін сөз алған турнирдің құрметті қонағы: ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Әлем чемпионы Галиб Джафаров, облыстың Полиция ардагерлер қоғамының төрағасы Ғалым Даулеталин, Ақтөбе заң институтының ардагерлер қоғамының төрағасы Валери Сюняков және Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Сақыткерей Баймағамбетов барлық сайысқа қатысушыларды алдағы кәсіби төл мерекемен құттықтады.
«Волейболдан өткен облысаралық турнирдің мақсаты – Қылмыстық- атқару жүйесінің оң имиджін қалыптастыра отырып, ҚАЖ қызметкерлерінің біліктілігі мен спорттық шеберлігін арттыру және спорт арқылы батылдық пен дұрыс шешім қабылдауға тәрбиелеу.
Жалпы, Ақтөбе облысының Қылмыстық- атқару жүйесі саласы облыс және республика бойынша өтетін барлық спорттық іс- шараларды ұйымдастыруда және өткізуде құрметке ие болып келетін құқық саласының бірі. Яғни, бұл дегеніміз – біздің құқық қорғау қызметкерлері мен халық арасында тығыз байланыс орнатқанымызды айқындайды. Осы орайда спортқа бет бұрған ҚАЖ саласына көңілі толған: бұрын құқық саласында қызмет етіп, қазіргі таңда құрылыс саласында кәсіпкері Дуисеев Ұлыбек Молдабайұлы өз атынан қаржылай көмек көрсетіп, іс- шараның ұйымдастырылуына қолдау көрсетті. Өз кезегінде ҚАЖ қызметкерлерінің спортпен айналысуына қолдау көрсетіп, жақсы үлгі болып жүрген осындай азаматтарымызға алғысымызды білдіреміз»,- дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Сақыткерей Баймағамбетов.
Тартысқа толы өткен ойынның қорытындысымен, 1- орынды азаматтық құрама командасы жеңіп алса, 2- орынды Ақтөбе қаласының полиция департаментінің сала ардагерлері, ал 3- орынды ҚАЖД командасы қанжығасына байлады.
Ойынға қатысуда белсенділік танытқан барлық қатысушылар Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығы атынан Алғыс хаттарымен, сондай- ақ ұйымдастырушылар тарапынан кубоктар мен сыйлықтармен марапатталды.
Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы,
Фото: Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]