Оңайлатылған декларацияны тапсыруға 12 күн қалды
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті оңайлатылған салық декларациясын тапсыруға небәрі 12 күн қалғанын хабарлайды.
Бизнес субъектілеріне ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығы үшін оңайлатылған декларацияны (910.00-нысан) 2022 жылғы 15 тамызда тапсырудың соңғы мерзімі аяқталатынын еске саламыз.
Жалпы, 910.00 нысанындағы салық есептілігін оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер ұсынуы қажет.
Декларацияны ұсыну тәсілдері:
- «Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасы (cabinet.salyk.kz);
- СОӨЖ ақпараттық жүйесі (бағдарламаны МКК сайтынан тегін жүктеп алуға болады);
- қағаз түрінде;
- Halyk Bank мобильді қосымшасының 2022 жылғы 1 тамыздан бастап оңайлатылған салық декларациясын ұсынуға арналған жаңа сервисі.
Бұл ретте, есептілік тапсырудың соңғы күндерінде ақпараттық жүйе мен байланыс арналарына жүктеменің артуын болдырмау мақсатында салық есептілігін алдын-ала ұсынуға кеңес береміз. Одан бөлек, декларация ұсыну мерзімдерін ұзартуға болатынын еске саламыз.
Жалпы, ел бойынша 2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер саны – 1 187 554, оның ішінде дара кәсіпкерлер – 1 047 586, заңды тұлғалар – 139 968.
[xfvalue_img]
12 пікір