СҚО АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ РӨЛІН КҮШЕЙТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
12 шілде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин Аққайың ауданының активімен кездесу өткізді. Олар елімізде жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріндегі бағдарламаларды талқылады.
Нұрлан Жахин 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасында белгіленген басымдықтар туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Спикер атап өткендей, Тұжырымдаманың негізгі мақсаты мен күтілетін нәтижесі азаматтық қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға тартылуын арттыру, қоғамға ашық және есеп беретін мемлекеттік аппарат, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін басқарудың тиімді жүйесі, транспарентті бюджеттік процестер мен бәсекелі сатып алу болып табылады.
«Біздің барлық әрекеттеріміз бен жобаларымыз халықтың әлеуметтік маңызды мәселелерін шешуге және азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Егер бюджет есебінен салынып жатқан нысан сапалы салынып, белгіленген мерзімде тапсырылса, онда адамдар ауыз су алады, сапалы жолмен жүреді, жаңа пәтерлерге кіреді және тұрғызылған ДШК спортпен шұғылданады», - деді Нұрлан Жахин.
[xfvalue_img]