Есірткі заттарының айналымы саласында
Жастар арасындағы есірткі заттары айналымының жағдайы күн сайын нашарлай түсуде.
Жыл басынан бері есірткі заттарын сату фактілері бойынша 9 іс теркелді, күдіктілердің үшеуі 18-ге енді толған кешегі мектеп түлектері, ЖОО мен колледждердің бірінші курс студенттері.
Аталған тұлғалар есірткі заттарын салым арқылы және әлеуметтік желілер, әсіресі телеграмм мессенджері арқылы таратқан.
Өкінішке орай, оларда бір ғана түсініктеме – ақша табу және оның салдарының күрделілігін түсінбеу.
Алдын алу мақсатында аудан прокуратурасымен жоғарғы сынып оқушылары мен колледж студенттері арасында теріс әрекеттердің салдарын түсіндіретін сабақтар өткізілді, лекциялар оқылып, бейнематериалдар көрсетілді.
Сонымен қатар, қаланың барлық тұрғындарына есірткі таратумен айналысатын (салу, күмәнді сайттардың граффитиін салу және т.с.с.) күдікті тұлғаларды байқаған жағдайда дереу 102 нөміріне немесе кезекші прокурорға 8-705-429-22-01 телефоны арқылы хабарласуды сұраймыз.
Нұр-Сұлтан қаласы
"Байқоңыр" ауданының прокуроры
аға әдiлет кеңесшici
А.Б.Қозбаев
[xfvalue_img]
5 пікір