Сотталғандар еркін тақырыпта сурет салды
16.06.2022 жылы Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЗК-169/4 мекемесінде психолог маманның ұйымдастыруымен сотталғандар арасында сурет салудан жарыс өтті.
Қатысушылар еркін тақырыпта сурет салу арқылы өз ойларын қағаз бетіне түсірді. Жарысқа қатысқан С есімді сотталған сурет арқылы қазіргі жастардың интернетке тәуелді екендігін көрсете отырып, кітап оқудың пайдасы туралы айтты.
"Артық білім кітапта, Ерінбе оқып көруге", - деп ұлы ақынымыз Абай жырлағандай білім алу үшін кітап оқумыз керек. Кітап оқу арқылы ой-өрісің дамиды, өз ойыңды анық жеткізе аласың деп жастарды кітап оқуға шақырды.
Келесі сотталған «Ұрыссыз өмір» тақырыбында сурет салыпты. «Бір күнгі ұрыстың қырық күн кесірі болады» демекші, осы мекемеде жазамды өтеуімнің себебі ұрыс дейді. Отбасымдағы жанжалдың кесірінен ішімдік ішіп, көлік жүргіздім. Қандай жағдай болсада сабырлы болып, ақылмен шешу керек екендігін айтар едім деді сотталған азамат.
Қарсыластарын басып озып бірінші орын алған азамат «Тіл халықтың қазынасы» тақырыбындағы суреті арқылы әрбір жас буын өзінің елі мен жерін, Отанын , тілін, салт-дәстүрін құрметтеу керек екендігін жеткізді.
«Бүгінгі шарада сотталғандар белсенділік танытып, қиял әлемін қағаз бетіне түсіріп, барын салып жарысты. Үздік суретті анықтау да оңайға соқпады. Олар отбасынан жырақта болса да отбасымен байланысын үзбеу, қоғамға тез бейімделіп кетуі үшін психолог мамандардың қатысуымен семинар- тренингтер ұйымдастырып тұрамыз.»,- дейді мекеменің психолог маманы Ақгүл Аманбаева.
Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
[xfvalue_img]
21 пікір