Сотталғандар сурет салып жарысты
8 желтоқсан – Халықаралық суретшілер күні мерекесіне орай, Қызылорда қаласындағы қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде жазасын өтеуші сотталғандар арасында сурет салудан жарыс өтті. Қатысушылар еркін тақырыпта сурет салды. Бірі отбасыны суретін қағаз бетіне түсірсе, бірі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты сурет салды. Сотталғандардың жұмыстарын мекеме қызметкерлері бағалады.
«Бүгінгі шарада сотталғандар қиял әлемін қағаз бетіне түсіріп, барын салып жарысты. Үздік суретті анықтау да оңайға соқпады.Жалпы мекемеде мәдени-спорттық шараларды жиі ұйымдастырамыз. Олар отбасынан жырақта болса да отбасымен байланысын үзбеу, қоғамға тез бейімделіп кетуі үшін қызметкерлермен, психолог мамандармен шаралар ұйымдастырып тұрамыз.»,- дейді мекеме бастығының орынбасары Қанат Дайрабаев.
«Мен кәсіби суретші емеспін. Қолым қалт екенде сурет салатын өнерім бар еді. Сурет салу арқылы жан дүнием тынышталады, ішкі жан дүниемді қағаз бетіне көрсету тырысамын. Отбасымның суретін салдым, аман-есен жазамды өтеп, отбасыма оралып, балаларыма дұрыс тәрбиелеуге тырысамын», -дейді сотталған Ербол.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
[xfvalue_img]
21 пікір