Сотталғандар арасында « Әзіл-қалжың және байыпты карикатура» тақырыбында сурет байқауы өтті
Қызылорда қаласындағы ЗК-169/4 мекемесінде психолог мамандар «Әзіл-қалжың және байыпты карикатура» тақырыбында сурет байқауын өткізді. Шараның мақсаты- жаза мерзімін өтеушілерге көңілді, көтеріңкі көңіл – күй сыйлау, оларды ептілікке, шапшаңдыққа тәрбелеу.
Күлкі күніне орай ұйымдастырылған шараға жазасын өтеушілер екі топқа бөлініп қатысып, белсенділік танытты. Сайыс 3 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде «Менің бейнем» тақырыбында сурет салып жарысса, екінші кезеңде жест арқылы берілген жағдаяттарды мимика арқылы келтіру, ал соңғы кезеңде командалар қарсыластарымен шар жарып, өз шарларын сақтап салу үшін бар күштерін салды.
« Күлкінің төресі — кез келген күйзелісті, жүйкедегі жүкті жеңіп шығатын шынайы күлкі. Күлкі күні қарсаңда өткізілген шарада аз уақыт ішінде еңбектенген сотталғандар әр түрлі сурет салды. Бірі суреті арқылы дүниедегі әділетсіздікті көрсетсе, сыбайлас жемқорлықтың соңы жақсылыққа апармайтынын бейнелеген. Қазылар алқасы терең ойға жетелейтін суреттерге әділ шешім шығарды. Жеңімпаз командаға тәттілер таратылды»,- деді психолог маман Салтанат Кеңес
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
[xfvalue_img]
7 пікір