2022 жылдың 4 айында интернет-алаяқтық бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындысы.
2022 жылдың 4 айында облысымызда интернет-алаяқтықтың саны өткен жылмен салыстырғанда -37,4%-ға (2021ж. – 203, 2022ж.–127) төмендеді.
Осы қылмыс түрін алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар, соның ішінде халық арасында түсіндірме жұмыстары күшейтілді. Бұл бағытта полиция және жергілікті атқарушы органдарымен бірлескен кешенді іс-шаралар қабылданды және де жергілікті бұқара ақпарат құралдары мен қоғамдық бірлестік өкілдері де жұмылдырылды.
Қабылданған іс-шаралармен 2022ж. төрт айында бұл қылмыстың саны едәуір төмендеді, мысалы, 2021ж. 4 айында есептік мерзімге дейін, интернет-алаяқтықтың саны 203-тен 127 немесе 76 фактіге төмендеген.
Ауыр санаттағы интернет-алаяқтықтарды ашу бойынша республика көлеміндегі алдынғы көрсеткішке иеміз, ауыр дәрежедегі интернет-алаяқтықтардың 100% ашылған.
Жыл басынан интернет-алаяқтықпен айналысқан 10 тұлға ұсталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды, олардың 4-і басқа облыстардың тұрғындары болды(Алматы,Шымкент,Қызылорда).
Сондай-ақ, алаяқтықтардың шет мемлекеттерден жасаған фактілері де (13 факті РФ, Украина байланысты) жеткілікті, бұл бағытта ҚР Бас Прокуратурасының және ІІМ-нің арналары арқылы тиісті сауал-сұраныстар жолданған.
ІІМ-нің ақпараттандыру және байланыс саласындағы, сондай-ақ, ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы жасалатын құқықбұзушылықтарға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2021-2022 жылдарға арналған бағдарламасын облыс аумағында іске асыру Жоспары бекітілген және оның орындалуына жергілікті атқарушы органдары тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілуде.
Соның ішінде, дөңгелек үстелдер өткізуге, «Абайлаңыз алаяқ» атты жергілікті локалды акцияларды жүргізуге, профилактикалық мәтіндегі материалдарды дайындау, жариялау және тарату жұмыстарына ұйымдастырушылық көмек көрсетіліп, қаржы бөлу мәселелері қарастырылуда.
Жергілікті полиция қызметі күштерін пайдалана отырып облыс аумағындағы халық жиі шоғырланатын жерлерде (дүкендерде, аялдамаларда, кинотеатрларда және т.б.), профилактикалық мәтінде арнайы дайындалған бейне роликтер мен өзге материалдар әлеуметтік желілер арқылы әр қала,аудан аймағында және барлық жергілікті интернет-чаттарда, қауымдастықтар мен топтарда таратылуда.
Облыстық «Жамбыл Тараз» және «24 Тараз» телеарналарына сұхбаттар берілді. Олардан бөлек жүйелі түрде Жамбыл облысы ПД әлеуметтік желі парақшаларына профилактикалық жазбалар ұдайы жариялануда.
Жамбыл облысы аумағында орналасқан банк өкілдерімен дөңгелек үстел ұйымдастырылып, интернет-алаяқтықтың алдын алу шаралары қарастырылды.
Жамбыл облысы ПД КПБ
[xfvalue_img]
28 пікір