2022 жылғы сәуірде Нұр-Сұлтан қаласындағы инфляция 2,5%-ды құрады
Сәуір айында азық-түлік тауарларының бағасы 3,6%-ға өсті, азық-түлік емес тауарлар - 2,4%-ға, ақылы қызметтер тарифтері - 1%-ға қымбаттады.
Тұтыну бағаларының индексі
пайызбен, өсуі +, төмендеуі -
|
2022ж. сәуір
|
2022 ж. қаңтар – сәуір 2021 ж. қаңтар – сәуірге |
|
2022 ж. наурызға |
2021 ж. желтоқсанға |
||
Барлық тауарлар мен қызметтер |
102,5 |
107,7 |
110,8 |
Азық-түлік тауарлар |
103,6 |
111,9 |
113,2 |
Азық-түлік емес тауарлар |
102,4 |
106,2 |
109,9 |
Ақылы қызметтер |
101,0 |
103,3 |
108,4 |
2022 жылғы сәуір айында кондитерлік өнімдер бағасы - 7,7%-ға, жоғарғы сұрыпты бидай ұны - 7,6%-ға, қышқыл сүт өнімдері - 7,3%-ға, сүт өнімдері - 6,8%-ға, балық және теңіз өнімдері - 6,6%-ға, тауық - 5,8%-ға, байха қара шайы - 5,6%-ға, алкогольсіз сусындар - 5,3%-ға, шұжық, ет өнімдері, макарон өнімдері - 5,2%-ға, басқа санаттарға енгізілмеген тамақ өнімдері - 5%-ға, тоқаш және ұннан дайындалатын кондитер өнімдері - 4,4%-ға, ірімшік және сүзбе - 3,6%-ға, нан - 3,5%-ға, күріш - 3,4%-ға, ет - 3%-ға, жармалар - 2,8%-ға, жемістер мен көкөністер - 2,6%-ға, қамырдан жасалған бұйымдар - 2,2%-ға, алкогольді ішімдіктер мен темекі өнімдері - 2%-ға, май және тоң май - 1%-ға, құмшекер - 0,4%-ға, қымбаттады. Кондитерлік өнімдер тобында, шоколадпен глазурленген кәмпиттер - 10,2%-ға, мармелад - 9,2%-ға, сағыз - 7,1%-ға, шоколадпен глазурленбеген кәмпиттер - 6,9%-ға, зефир - 6,1%-ға, карамель - 6%-ға, шоколад - 4,1%-ға, халуа - 3,7%-ға қымбаттады. Көкөністерден, қызылша бағасы - 37,8%-ға, ақ қауданды қырыққабат - 21,7%-ға, басты пияз - 12,6%-ға, сәбіз - 12%-ға, картоп - 7,1%-ға өсті, қияр - 30,6%-ға, қызанақ - 6,8%-ға төмендеді.
Жеке қолданатын электр аспаптары - 14%-ға, жеке қолданатын өзге де тауарлар және аспаптар, заттар - 9%-ға, тұрғын үй-жайларды жөндеу және қызмет көрсетуге арналған материалдар - 8,1%-ға, жуғыш және тазалағыш құралдар - 6,6%-ға, үй тұрмысында қолданылатын тоқыма бұйымдар - 3,2%-ға, киім және аяқ киім - 2,9%-ға, шыны бұйымдары, асханаға және үйге қажетті керек-жарақтар - 2,3%-ға, фармацевтикалық өнімдер - 1,4%-ға, автомобильдер - 0,1%-ға қымбаттады.
Ақылы қызмет көрсету саласында стоматологиялық қызметтер - 9,1%-ға, қоғамдық тамақтандыру қызметтері - 8,5%-ға, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындарының қызметі - 7,9%-ға, амбулаториялық қызметтер - 2,6%-ға, білім беру - 2,4%-ға, абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі - 0,1%-ға қымбаттады. Әуе жолаушылар көлігінің қызметтеріне тарифтер - 3,7%-ға, теміржол - 1%-ға өсті.
[xfvalue_img]
31 пікір