ЖАМБЫЛДА САУДА САЛАСЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА – АСПАНДИЯР СЕЙСЕБАЕВ
Бүгінгі таңда Жамбыл облысындағы өнеркәсіп саласында 749 кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. Оларда 40 мыңға жуық тұрғын еңбек етеді. Қаңтар-наурыз айларында өнеркәсіп кәсіпорындары 184,1 млрд. теңгеге өнім өндірді. Экспорттық әлеуетті арттыру бағытында өңірдегі кәсіпорындармен жұмыс бір жүйеге қойылған. «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы арқылы өткен жылы 7 кәсіпорын жалпы сомасы 103,5 млн. теңгеге қолдау алса, биыл бұл көрсеткішті кемінде 10 пайызға арттыру бойынша жұмыс істеліп жатыр.
Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында облыс әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаев айтты. Спикер өткен жылғы шикізаттық емес тауарлар экспортының көлемі 156,4 млн. долларды құрағанын атап өтті.
«Қазіргі таңда сауда саласы облыс экономикасының басым бағыттарының біріне жатады. Былтыр бөлшек сауда 371,8 млрд. теңгені құрап, 2020 жылға қарағанда 104,5% өсті. Көтерме сауда 309,1 млрд. теңгені құрап, 106%-ға ұлғайды. Сыртқы сауда айналымы 47%-ға артып, 262,5 млн. АҚШ долларын құрады. ЕАЭО елдерімен өзара сауда да 28,3%-ға өсіп, 318,8 млн. АҚШ доллары болды», - деген Аспандияр Мұраталыұлы жыл басынан бергі көрсеткіштерді де атап өтті.
Оның айтуынша, бүгінгі күнге облыс бойынша 8,4 мың тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қоры қалыптасып отыр. Тұрақтандыру қорын қосымша қалыптастыру үшін 3000 тонна 1-ші сұрыпты ұн, 60 тонна қарақұмық жармасын және 500 тонна қант сатып алу үшін конкурс жарияланған. Бүгінгі күнде тұрақтандыру қорында 1 айлық қор қалыптасқан.
Өңірлік коммуникациялар қызметі
[xfvalue_img]
33 пікір