ҚОСТАНАЙДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ КАРТАСЫ ҚҰРЫЛАТЫН БОЛАДЫ
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінде хабарлады.
«Бұл үшін азаматтар өтініштері мен шағымдарын, БАҚ-дағы және әлеуметтік желілердегі жарияланымдарды, бюджеттік жоспарлауды талдауды және басқаларды қоса алғанда жеті ақпарат көзінен кем емес талдау нәтижелері бойынша нақты қадамдар жасалады» - деп атап көрсетті Департамент басшысы Серікжан Мырзалы.
Оның сөзі бойынша, бұл мәліметтер әлі де ештеңе айта алмайды. Мысалы, бюджет көлемі сыбайлас жемқорлық күдігі үшін негіз емес. Дегенмен, олардың жиынтығы аймақтағы сыбайлас жемқорлық пен әлеуметтік наразылық ошақтарының объективті көрінісін береді
[xfvalue_img]
7 пікір