ТАРАЗДЫҚТАРДЫ АБАТТАНДЫРУ НАУҚАНЫНА АТСАЛЫСУҒА ШАҚЫРДЫ
Тараз қаласында 1 наурыздан 1 мамырға дейін абаттандыру және санитарлық тазалау жөніндегі көктемгі екі айлық жарияланды.
Бұл туралы ӨКҚ баспасөз брифингінде қала әкімінің орынбасары Жайықбай Шалдаров хабарлады. Ол тұрғындардан өздеріне бекітілген көшелерде санитарлық шараларды жүргізіп, арықтар жүйелерін тазартуды, тал түптерін ақтауды, күл-қоқысты арнайы техникамен шығару жұмыстарын қолға алуды сұрады.
«Қаладағы шағын және орта бизнес субъектілері өздерінің кеңселерін, павильондарын және аумақтарын ретке келтіру, құрылыс нысандары мен жекеменшікке берілген жер телімдерінің иелері санитарлық тазалық нормаларын сақтаса дейміз. Оның үстіне, тұрмыстық қатты қалдықтармен және басқа да қоқыстармен бейберекет ластануына жол бермеу үшін жеке және заңды тұлғаларға ескерту беру, айыппұл салу шаралары тұрақты атқарылатын болады. Өзіміз тұратын қаланың экологиялық тазалығы аса маңызды», - деді спикер.
Жайықбай Шалдарұлы абаттандыру науқанына байланысты Тараз қаласы әкімінің арнайы қаулысы шыққанын алға тартып, жауапты мекемелерге нақты міндеттер жүктелгенін атап өтті.
Өңірлік коммуникациялар қызметі
[xfvalue_img]