Нұр-Сұлтан қаласындағы техникалық және кәсіби, орташадан кейінгі білім туралы
2021/2022 оқу жылының басына Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 31 техникалық және кәсіптік білім беретін дербес ұйым мен 6 филиал жұмыс істеді.
Оқушылардың жалпы саны 29492 адамды құрады, оның ішінде 14821 адам немесе 50,3%-ы - әйелдер.
Күндізгі оқу нысанында оқушылардың 96,4%-ы оқиды, кешкі және сырттай нысандарында 0,2% және 3,4%. Оқуды бітірушілердің саны 7731 адамды құрады, оның ішінде 4788 адам 61,9% жұмысқа орналасқан және 1510 адам 19,5% оқуын жоғары оқу орындарында және колледждерде жалғастырған.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдарында 1823 оқытушы мен 158 өндірістік оқыту шеберлері жұмыспен қамтылды. Жоғары санаты бар 596 оқытушы және 30 өндірістік оқыту шеберлері, бұл тиісінше 32,7% және 19,5%-ды құрайды.
Техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдардың ғимараттарының жалпы алаңы 2021/2022 оқу жылының басына 199472 ш.м. құрады, одан 192679 ш.м. немесе 96,6%-ы оқу орындардың жеке меншігі болып табылады.
Ұлттық статистика бюросының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті
[xfvalue_img]